Диего Годин «Интерден» кетуге жақын

11.09.2020, 18:15
А сериясында өнер көрсетуін жалғастыра бермек.
Диего Годин «Интерден» кетуге жақын

«Интер» қорғаушысы Диего Годин мансабын «Кальяриде» жалғастыруы мүмкін.

Журналист Альфредо Педулла хабарлағандай, 34 жасар ойыншы "Кальяри" сапына қосылуға жақын. Диегоның өзі бұл трансферге келісіп қойған, «Интер» де ойыншының бұл шешімін мақұлдады.

Уругвайлық ойыншы жаңа командаға еркін агент ретінде қосылады деп күтілуде. Бұл таңдаудың бір себебі - Годиннің әйелінің Сардиниядан болуы. Қорғаушыға "Реннен" де ұсыныс болды, бірақ Диего "Кальяридің" ұсынысын қабылдауға шешім қабылдады.

Годиннің «Интермен» келісімі 2022 жылға дейін есептелген. Ол командаға 2019 жылдың жазында еркін агент ретінде қосылды және бұған дейін «Атлетико Мадрид», «Вильярреал», «Насьональ» және «Серро» клубтарында ойнады. Өткен маусымда Диего «Интер» клубына А сериясының 23 ойынында көмектесті. Қорғаушы бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×