«Арсенал» Артетаны клубтың менеджері етіп сайлады

11.09.2020, 20:37
Енді тек команданы жаттықтырып қана қоймай, клубтың басқа да шаруаларына араласа алады.
«Арсенал» Артетаны клубтың менеджері етіп сайлады

«Арсеналдың» бас бапкері Микел Артета клубта көбірек өкілеттікке ие болады, деп хабарлайды «Зеңбірекшілердің» баспасөз қызметі.

Бұдан былай испаниялық маман негізгі команданың менеджері болады. Ол жаттықтырушылық міндеттерін орындаумен қатар, басқа да спорттық мәселелер бойынша шешім қабылдай алады. Артета «Арсеналдың» трансферлерімен айналысады, қызметкерлерді жинайды және клубтың қаржылық мәселелеріне көмектеседі.

"Арсеналдың" бұрынғы футболшысы болған Артета команданы өткен жылдың желтоқсанында қабылдаған болатын. Бұған дейін ол «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиоланың көмекшісі болып үш жарым маусым жұмыс істеген еді. Лондондық командамен Артета бірінші маусымда-ақ Англия кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×