Исламбек Қуат Ресейлік клуб сапындағы ең қымбат ойыншы атанды

11.09.2020, 20:55
Трансфер құны 1,5 миллион еуроны құрап отыр.
Исламбек Қуат Ресейлік клуб сапындағы ең қымбат ойыншы атанды

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, "Химки" клубына сапына ауысқан Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Исламбек Қуат ресейлік команданың ең қымбат ойыншысы атанды.

Портал қазақстандық футболшының трансферін 1,5 миллион еуроға бағалап отыр. "Химкидің" биылғы құрамында Исламбек келгенге дейін бір ғана ойыншысының құны миллионнан асқан болатын - "Спартактың" жартылай қорғаушысы Александр Ломовицкий. Жалға алынған футболшының құны 1,4 миллион еуро.

Исламбектің "Химки" құрамына ауысқаны жайлы 10 қыркүйекте белгілі болды. Мұның алдында ол Ресейдің "Оренбург" командасында ойнаған еді. Қазақстанда футболшы "Қайрат" пен "Астана" командаларында өнер көрсеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×