"Монако" клубына жалға ауысқан Ансу Фати "Барселона" шабуылшысы Ламин Ямальмен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді.
"Барсада" онымен бірге ойнау бақыты бұйырды, арамыз жақсы, біз өте жақынбыз. Бір-бірімізге үлкен құрметпен қараймыз және тек жақсылық тілейміз. Клубта тамаша адамдармен бірге жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Алайда кез келген өзгеріс бұл оң қадам. Мен тағы да "Барселонаға" алғыс айтқым келеді, өйткені дәл осы клубта мен өстім, кәсіби футболшы ретінде алғашқы қадамдарымды жасадым.” – деді Фати.