«Барселонаға» жаңа президент сайланды

08.03.2021 11:58 Ла Лига

Жаңа басшы Мессиді командада қалдыруға уәде берді.

«Барселонаға» жаңа президент сайланды

58 жастағы испаниялық заңгер және каталондық "Барселонаның" бұрынғы президенті Жоан Лапорта осы қызметке қайта тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Виктор Фонт пен Тони Фрейша да клуб президенттігіне үміткер ретінде бекітілген еді. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлаудан шығарылды.

Барлық дауыстарды санау нәтижелері бойынша Лапорта 54,28% (30,184), Виктор Фонт - 29,99% (16,679), ал Тони Фрейша - 8,58% (4,769) жинады.

"Бүгін Лионель Мессидің дауыс беруге баруы және осы шараға қатысуы - өте керемет шешім. Месси "Барселонаны" жақсы көреді. Біз ең жақсы ойыншылары бар үлкен отбасымыз.

Мен Лионель Мессиге қоңырау шаламын. Леоны қалуға көндіре аламын ба? Бұл оған байланысты болады, мен оны командада қалдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, және бұл тұста клубтың экономикалық жағдайын да ескеремін", - деді Лапорта.

Сайлау бастапқыда 24 қаңтарға жоспарланған болатын. Каталония билігі клубқа эпидемиологиялық жағдай сайлаушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтінін айтты.

7 пікір

  1. Нұрсұлтан Құрман

    Подкаст қашан..

  2. Messi_official

    Messi_official

    08.03.2021 23:57

    Ermuhamed maulen podkast kashan

  3. Messi_official

    Messi_official

    08.03.2021 23:56

    Força barsa !! Jukom hvufy s fhuu trent kor the mkol de espanio. Түсінетін адам сияқты оқып отсыңдарғо

  4. Неймар

    Неймар

    08.03.2021 18:04

    Кет наку месси бизге келеди

  5. Қазақстан азаматы

    Бізде президенттік сайлау бұлай болмайдыго.

  6. Жоан Лапорта

    Жоан Лапорта

    08.03.2021 16:32

    Дениз Айтекинді де команда сапыпда қалдыру үшін бәрін жасаймын

  7. Лионель Месси

    Лионель Месси

    08.03.2021 13:32

    Айына 1 млн евро төлемейтін болсаңдар қалмаймын наху...)