«Барселонаның» 5 футболшысы коронавирус жұқтырып алған

02.06.2020, 21:23
Пандемия, бұл неткенің?
«Барселонаның» 5 футболшысы коронавирус жұқтырып алған

Пандемия кезіндегі үзілісте "Барселонаның" бірнеше футболшысы коронавирус жұқтырып алғаны мəлім болды. Бұл жайында RAC1 хабар беруде.

Басылымның мəліметіне сүйенсек, COVID-19 инфекциясын Каталония командасының 5 футболшысы жəне 2 клуб қызметшісі жүқтырып алған. Олардың барлығы вирусты ешқандай ауру белгілерінсіз өткізген жəне қазір өздерін жақсы сезінген хəлде командалық жаттығуға қатысуда.

Бұдан алдын, "Барселона" барлық футболшылары жəне қызметкерлері тесттен өткені жəне ешкімнен вирус анықталмағаны туралы мəлімдеген еді.

Естеріңзіге сала кетейік, Испания чемпионаты ойындары пандемия себепті наурыз айынан бері тоқтатылған. Маусымның қалған ойындары ағымдағы айдың 11-жұлдызынан жалғасын таппақ.

Мадияр Битөре

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×