«Ертістің» жабылуы жанкүйер үшін өте ауыр

02.06.2020, 22:36
Мамандар «Ертіс» жайлы пікір білдірді.
«Ертістің» жабылуы жанкүйер үшін өте ауыр

Қуаныш Қабдулов:

- Өкінішке орай, біз еліміздегі әйгілі футбол клубтарының бірінен айырылайын деп жатырмыз! Неліктен бұлай болатынын білмеймін, бірақ менің ойымша, бұл біздің чемпионаттағы көптеген клубтарға сабақ болуы керек. Мен бұл жағдайды өзгерте алатын барлық адамдардан Павлодарлық клубты қалдыруды сұраймын. "Ертіс" ФК Павлодарда болуы керек. Бұл тарих. Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпиондары, Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпаздары, Азия Чемпиондар лигасының жартылай финалистері, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысушы. Шынында да таланттары көп қала. Павлодар футбол мектебінің түлектері әрдайым ұлттық құрамаларда болды, қазірде де бар. Оларды тізімдеп отыратын жер аз болады деп ойлаймын мына жерде! Жәнеде бұл клубтың жанкүйерлеріне өкінішті болады!

Ғалымжан Балтілеу:

- Өкінішке орай, бүгінгі таңда Қазақстан Футбол Федерациясының мүшесі, еліміздегі әйгілі футбол клубтарының бірі Керекулік "Ертіс" футбол клубы банкротқа түсіп, мүлдем клуб жабылып жатыр-мыс. Менің ойымша мүндай жағдайға әкеліп соқтырғаны, шығынды үнемдегені деп ойлаймын (жалақы бірінші кезекте,жаттығу жиындары, командировка и т.с.с). Бұл жағдай біздің ҚПЛ көптеген клубтарына сабақ болады деген ойдамын. "Ертіс" ФК болуы керек. Бұл тарих. Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпиондары, Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпаздары, Азия Чемпиондар лигасының жартылай финалистері, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысушы. Шынында да таланттары көп қала. Кереку футбол мектебінің түлектері әрдайым ұлттық құрамаларда болды,қазірде де бар.Қанша жасөспірім футболсыз қалды, олардың жағдайы не болмақ, клубтың қаншама жанкүйерлері футболсыз қалды. Өте өкінішті!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×