«Барселонаның» бағдаршамы

12.05.2020, 03:26
2010 жылы «Алтын допты» Иньеста алуы керек еді.
«Барселонаның» бағдаршамы

Андрес Иньеста қой аузынан шөп алмайтын момақан жігіт. Бірақ, ол алаңдағы ғаламат өнерімен күллі әлемді таңқалдырды. Андрес футболға келген шақта бапкерлер бұл баладан топ футболшы шығады деп күтпеген еді. 11 мамыр күні ол 36 жасқа толды. Ол 16 жыл бойы «Барселона» ойынының бағдаршамы болды. Оның ойыны жанкүйерлер жүрегінен орын алды. Иньеста еншісіне 32 трофей жазды. Испанияның 9 дүркін чемпионы деген атаққа 4 бірдей Чемпиондар лигасының кубогын қосыңыз.

Гуардиола «Барселонаның» алтын дәуірінің басты қаһармандарының бірі. Ол Иньестаның ойынын көріп, таңқалғанын еске алады. Ал Луис Энрике Андреасты «Гарри Поттермен» салыстырады. Себебі, ол сиқырлы таяқшасымен «Барса» атты оркестрдің дирижері болды. 2010 жылы финалда Нидерланды қақпасына соққан голы бүкіл испан жұртшылығын шаттықа бөледі. Оны тіпті «Реал» фанаттары да құрметтеді. Ол жейдесін шешіп «Даниель Харке үнемі бізбен» деген жазуды көрсетті. Осылайша ол 2009 жылы «Эспаньол» командасының жаттығуы кезінде көз жұмған досын еске алды. Жүрек талмасынан қайтыс болған жан жолдасы Иньестаның достыққа адал екенін көрсетті. Қайғыдан қара жамылған тұста Андрес ата-анасының қасынан шықпай, өмірден баз кешіпті. Осы бір қиын тұстан оны Гуардиола алып шықты. Ал оның алаңдағы тұрақты қарсыласы Серхио Рамос болса «Әр ана қызына Иньеста секілді жігіт жолықсын деп армандайды» деп тоқ етерін айтты.

Иньеста 2018 жылы «Барселона» сапынан кетіп, Жапонияның «Виссел Кобо» клубына ауысты. Мұнда да ол лезде фанаттардың сүйікті ойыншысына айналды. Енді жапондар да футбол спортын қатты сүйеді.

Иньестаның жеңген кубоктарының өзі бір төбе. Тек бір ғана марапат жетіспейді. Андрес «Алтын допты» ғана алмады. 2010 жылы Лео Месси оның алдын орап кетті. Әлем жанкүйерлері дауыс санау жүйесінің әділ еместігін талмай жазып жатты. Ал Иньеста болса Мессидің жетістігі үшін қуанып қана қоя берді. Алайда, кейіннен «Франц Футбол» журналы ресми түрде кешірім сұрап, дауыс беру кезінде қателіктер кеткенін мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×