
Францияның «Монако» футбол клубы испаниялық вингер Ансу Фатидің «Барселонадан» ауысқанын ресми түрде жариялады.
Жас шабуылшы 2025/2026 маусымының соңына дейін жалға берілді. Келісімшартта футболшыны толық сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Бұған дейінгі ақпараттарға сүйенсек, «Монако» клубы Фатиді 11 миллион еуроға сатып ала алады.
Ансу Фати жаңа командасында 31-нөмірмен өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET