
Соңғы бір жылын Ресейде өткізген Акмаль Бахтияров семейлік “Елімай” сапын толықтырды, деп жазады Аладоп.кз.
27 жастағы футболшы алматылық “Қайрат” футбол клубының академиясынан түлеп ұшқан. 2018 жылы ол “Арцах” Ереван ұжымының назарына ілігіп, сонда барлығы 11 ойын өткізіп, 4 гол соқты. Осындай нәтижелі ойынынан кейін Акмаль РПЛ “Сочиге” ауысты. Алайда Бахтияровтың ресейлік клубтағы бағы ашыла қоймады. Соның нәтижесінде шабуылшы Қазақстанға қайтуға бел буды. Біраз уақыт еркін агент атанып, клубсыз жүрген ойыншыны талдықорғандық “Жетісу” қатарына қосуға келісімін берді. Бірақ Акмаль көп ұзамай қазақстандық клубтан кетіп, ресейлік “Долгопрудный” ұжымының намысын қорғады. Онда ол барлығы 25 ойын өткізіп, 2 голмен қанжығасы майлады. Одан кейін Бахтияров Қазақстанға қайта келіп, “Ордабасымен” бірге өз мансабындағы алғашқы чемпиондығына қол жеткізді. Сәтті маусымнан кейін Акмаль ресейдің төменгі дивизионындағы “Челябинск” пен “Волгарьда” тәжірибесін жинақтап қайтты. Қос ұжымды қоса есептегенде, шабуылшы 50-ге жуық матчта алаңға шықты. Енді міне Талғар тумасы жазғы трансферлік ауысымда Андрей Карпович баптайтын “Елімайға” келді. Командада Акмаль орталық шабуылшыларды голдық паспен қамтамасыз етуші ойыншы ретінде қапталда өнер көрсетпек.
Біздің серіктес: FONBET