Бартомеу «Барселонадағы» сатылмайтын ойыншыларды атады

06.08.2020, 17:42
Команда құрамы қартаюда, ал басшылық құрамды жасарту үшін жас ойыншыларын сатқысы келмейді.
Бартомеу «Барселонадағы» сатылмайтын ойыншыларды атады

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу клубтың сатылмайтын ойыншыларын айтты.

«Тринкау сатылмайды. Педри де, Фати де, Тер Штеген де, Рики Пуч, Араужо да. Бұл жас ойыншылар сатылмайды. Біз болашақ үшін жаңа команда құрып жатырмыз», - деді Бартомеу Marca-ға берген сұхбатында.

Ла Лиганың өткен маусымында «Барселона» 38 турда 82 ұпаймен, «Реал Мадридтен» 5 ұпай артта қалып, турнирді екінші орынмен аяқтады. Испания чемпионатының 2020/2021 маусымы 12 қыркүйекте басталады.

Чемпиондар лигасында "Барселона" 1/8 финалдың алғашқы матчында «Наполи» командасымен 1:1 есебімен тең түскен еді. «Барселона» мен «Наполи» арасындағы жауапты матч 8 тамызда «Камп Ноу» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×