«Рома» клубының жаңа иесі пайда болды

06.08.2020, 20:14
Жазғы трансферге 80 миллион еуро бөлінеді деп күтілуде.
«Рома» клубының жаңа иесі пайда болды

«Рома» ресми сайтында команданың қазіргі қожайыны Джеймс Палотта клубты сатуға келіскенін жариялады.

«Рома» клубының жаңа иесі - миллиардер Дэн Фридкин. Мәміле бір күн бұрын, 5 тамызда ресми түрде жасалды. The Friedkin Group компаниясы «Рома» клубын сатып алу үшін 591 миллион еуро төледі, қаражат 31 тамызға дейін аударылады деп күтілуде.

Бұған дейін Палотта «Романы» Фридкинге 710 миллион еуроға сатуға дайын екендігі туралы хабарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемия нәтижесінде клубтың құны, сатып алушының айтуынша, 475 миллион еуроға дейін арзандады.

Маусым айының басында, «Романың» тоғыз айдағы шығыны 126 миллион еуро болды деп хабарланған болатын, осы маусымда команда А сериясын бесінші орынмен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×