Бартомеу қандай шешім қабылдайды?

15.08.2020, 16:19
Тағайындайтын бапкер де табылмай тұрғаны өкінішті-ақ.
Бартомеу қандай шешім қабылдайды?

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» аяусыз жеңілгеннен кейін, футбол клубы кейбір шешімдер қабылдағанын, ал кейбір шешімдер дүйсенбі күні қабылданатынын айтты.

«Мен барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз өзіміз қалағандай клуб бола алмағанымызға қатты өкінеміз. Бізде бірнеше шешімдер қабылданды, ал басқалары жақын күндерде қабылданады. Хабарландырулар келесі аптадан басталады, шешімді бәрі тынышталғаннан кейін қабылдау керек. Бүгін - ойлану күні.

Бұл біз үшін қорқынышты нәтиже. "Баварияны" құттықтаймыз, олар жақсы ойнады және жартылай финалға шықты. Біз тек өз жанкүйерлерімізден кешірім сұрауымыз керек», - деді Бартомеу.

Айта кетейік «Барселона» «Бавариядан» 2:8 есебімен жеңіліп, 1946 жылдан бері алғаш рет бір матчта сегіз гол жіберіп алды.

Жартылай финалда Германия клубы бүгін, 15 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталатын "Манчестер Сити" - "Лион" матчының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×