Қайрат Боранбаев: «Оразов пен Бахтияровты міндетті түрде сотқа береміз»

15.08.2020, 16:05
«Қайрат» Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев берген сұхбатында Алматылық командадан Ақмал Бахтияров пен Рамазан Оразовтың кетуі туралы түсінік берді.
Қайрат Боранбаев: «Оразов пен Бахтияровты міндетті түрде сотқа береміз»

- Олардың кетуі бізге ұнамады. Мен олар туралы айтқым келмейді. Мен сізге фактілерді айтайын - олар қазіргі уақытта ойнап жүр ме? Жоқ. Біз міндетті түрде Оразов пен Бахтияровты сотқа береміз. Футболшы басқа командаға ауысуға дайын болған кезде түсінуі керек. Бізде жас футболшыларға мұны істемеу керектігін көрсететін жағдайлар бар. Ойыншылардые барлық құқықтары клубқа тиесілі. Егер сізде туындаған мәселе болса, басшылыққа келіп шешу керек. Бұл екі ойыншы мұны істемеді. Олар бір нәрсе туралы кері пікірге келді. Олар жай ғана алданған. Біз барлығымыз ересек адамбыз, егер ойыншы кеткісі келсе, оны ұстауға жол жоқ екенін түсінеміз. Алдымен олар қашып кетті, содан кейін олардың агенттері бізге келді. Біз қол қойылған келісімшарттар туралы сөйлесетін боламыз. Мен олардың келісім-шартты оқымай қол қойғандарына қатты өкінемін. Олар тұзаққа түсті. Бізде де жақсы мысалдар бар. Бізге Вороговский келді, ол 23 жаста, және кеткісі келетінін айтты және біз шешім таптық, ақша алдық па, иә, шамалы. Футболшы да, клуб та риза.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×