«Бавария» «Барселонаның» тас-талқанын шығарды

15.08.2020, 07:56
Бапкердің, ойыншылардың «Барселонадан» кетуі енді басталады.
«Бавария» «Барселонаның» тас-талқанын шығарды

Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчында "Бавария" "Барселонаны" 8:2 есебімен жеңді.

Кездесудегі алғашқы голды 4-минутта Томас Мюллер соқты. Үш минуттан кейін Давид Алаба өз қақпасына гол соғып алды. 21-ден 31-минутқа дейін Мюнхендіктер Тер Штеген қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Гол авторлары Иван Перишич, Серж Гнабри және Мюллер. Бірінші таймдағы жалпы есеп 4:1.

«Барселона» екінші таймды белсенді бастады және бір гол соғып, доп айырмасын қысқартты. Луис Суарестің қақпаға бағыттаған соққысы голға айналғанымен, бұл голдан пайда болмады. Осы голдан кейін "Барселона" футбол дегеннің не екенін ұмытты. Йозуа Киммих, Роберт Левандовски көзге түсті және "Барселонаға" тиесілі Филиппе Коутиньо дубль жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×