Самуэль Умтити коронавирус жұқтырды

15.08.2020, 07:18
Бірнеше күн бұрын Тодибо вирус жұқтырған еді.
Самуэль Умтити коронавирус жұқтырды

"Барселона" өзінің ресми сайтында қорғаушы Самуэль Умтитидің коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлады.

"Кеше, 14 тамыздағы ПТР сынағы ойыншының COVID-19 жұқтырғанын анықтады. Футболшыда аурудың белгілері жоқ, ол сау және өзін-өзі оқшаулайды», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Умтитимен байланыста болған адамдар коронавирусқа байланысты тестілеуден өтеді. Екі күн бұрын «Барселона» қорғаушы Жан-Клер Тодибо коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×