«Бенфика» үш бірдей ойыншымен толықты

15.08.2020, 07:12
Келесі жылғы Португалия чемпионы кім болатыны белгілі болған секілді.
«Бенфика» үш бірдей ойыншымен толықты

«Тоттенхэм» клубының бұрынғы қорғаушысы Ян Вертонген «Бенфика» ойыншысы атанды.

Бельгиялық ойыншы "Бенфика" клубымен 2023 жылға дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың Twitter парақшасында. Шілде айында Вертонген «Тоттенхэм Хотспурдан» кететіні туралы жариялады және еркін агент мәртебесін алды. Осыдан кейін бельгиялық қорғаушымен келіссөздерді Италиялық «Рома» жүргізді. Римдік клуб футболшыға 2022 жылға дейін, тағы бір маусымға ұзарту және жылдық жалақысы 3 миллион еуроны құрайтын келісімшарт ұсынғаны туралы хабарланды.

Вертонген «Тоттенхэмге» 2012 жылдың жазында «Аякс» клубынан ауысып келді. Англия клубының құрамында 33 жастағы бельгиялық ойыншы барлық турнирлерде 315 матчқа қатысып, 27 гол соғып, 12 голдық пас берген екен.


Шабуылшы Джанлука Вальдшмидт «Бенфикаға» ауысты.

Португалиялық БАҚ-тың хабарлауынша, 24 жастағы "Фрайбург" пен Германия құрамасының шабуылшысы жаңа командамен 5 жылдық келісімшартқа отырды.

"Бенфика" ойыншы үшін 15 миллион еуро төледі, ал "Фрайбург" ойыншыны болашақта қайта сатқан жағдайда трансфер сомасының 7,5% алады.

2019/20 маусымда Вальдшмидт "Фрайбургтің" Бундеслигадағы 23 кездесуіне қатысып, 7 гол соқты.


Португалиялық "Бенфика" "Гремио" клубы мен Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Эвертонның командаға ауысқанын жариялады.

Трансфер құны 20 миллион еуроны құрады, ойыншы 5 жылдық келісімшартқа отырды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×