Түркиялық клубтың Исламбек Қуатқа қандай келісімшарт ұсынғаны белгілі болды

15.08.2020, 02:01
Ол жаңа командасында Жерар Гоумен бірге ойнауы мүмкін.
Түркиялық клубтың Исламбек Қуатқа қандай келісімшарт ұсынғаны белгілі болды

Иваурлық шабуылшы Жерар Гоу тағы да қазақстандық Исламбек Қуаттың командаласы болуы мүмкін.

31 жастағы футболшы "Касымпаша" командасының негізгі құрамына іліге алар емес. Ол қытайлық "Бэйцзин Спорт Юниверсити" командасынан ауысып келгеннен бері Түркия біріншілігінде бар болғаны сегіз матч өткізді. Ол мүлдем негізгі құрамда алаңға шықпады. Сондай ақ гол да соқпады. 

Бірінші лигада ойнайтын "Самсунспорт" ұжымы Түркияның жоғары дивизионына шығуды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты бұл команда Гоу мен Қуатта қатарына шақырмақшы. Екі футболшыға команда айына 45-50 мың еуро жалақы беруге дайын. Жақын арада футболшылар соңғы шешімдерін айту керек. 

Гоу мен Қуат 2014 және 2017 жылдар аралығында "Қайратта" бірге ойнады. Қазақстандық футболшы 2019 жылдың қысында ресейлік "Оренбург" командасына ауысып кетті. Ал Гоу болса "Қайраттың" тарихындағы үздік сұрмерген ретінде ұжымнан кеткен еді. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×