«Манчестер Сити» Кулибали үшін қомақты қаржы ұсынып отыр

14.08.2020, 23:29
Сенегал құрамасының ойыншысы мансабын Англия жерінде жалғастыруы ықтимал
«Манчестер Сити» Кулибали үшін қомақты қаржы ұсынып отыр

Танымал журналист Танкреди Палмеридің мәлімдеуінше, "Ман Сити" "Наполидің" орталық қорғаушысы Калиду Кулибали үшін 63 миллион еуро ұсынып отыр. Италиялық клуб сенегалдық ойыншыны жіберуге қарсы емес, алайда олар Кулибалиді аталған сомадан көбірек қаржыға бағалап отыр.

Бұған дейін, 29 жастағы Кулибалиге "Манчестере Юнайтед", Ливерпуль" және де "ПСЖ" секілді алып ұжымдар қызығып отырғандығы белгілі болған.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×