Виллиан «Арсенал» ойыншысы атанды

14.08.2020, 21:23
«Арсеналдың» шабуылы сөзсіз керемет, ал қорғанысы...
Виллиан «Арсенал» ойыншысы атанды

«Арсенал» ресми сайтында «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Виллианның ауысқанын жариялады.

32 жастағы бразилиялық футболшы «Арсенал» командасымен үш жылдық келісімшартқа отырды. Виллиан жаңа командасында 12-ші нөмірмен ойнайтын болады. Шабуылшы "Арсеналға" "Челси" клубымен келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде қосылды.

Бұған дейін Виллиан жаңа клубта аптасына 220 мың фунт стерлинг алатыны хабарланған болатын.

Виллиан 2013 жылдан бері «Челсидің» намысын қорғады, одан бұрын «Анжи», «Шахтер» және «Коринтианс» клубтарында ойнаған. Ол Бразилия құрамасына 2011 жылдан бастап шақырылған. Өткен маусымда шабуылшы Англия Премьер-лигасының 36 матчына қатысып, 9 гол соқты (4 пенальтиден), 7 голдық пас беріп, 4 сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×