Исламбек Қуат түркиялық клубқа ауысуға жақын

14.08.2020, 19:45
Бұл команда Түркияның екінші лигасында өнер көрсетеді.
Исламбек Қуат түркиялық клубқа ауысуға жақын

Түркиялық БАҚ өкілдері жуық арада Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуаттың "Самсунспорт" командасына ауысатынын жазып жатыр. 

"Самсунспорт" жуырда Исламбек Қуатпен келісімшарт жасау үшін келіссөздер бастады. Ол "Оренбург" сапында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын 27 жастағы футболшы қазір ергін агент. Түркиялық клуб келісімшарт жасауға жақын", - деп жазады fotoMac.com сайты. 

Биылғы маусымда "Самсунспорт" Түркияның екінші лигасында өнер көрсетіп, бірінші дивизионға шыға алмады. Команда алдына келесі маусымда Түркияның жоғары дивизионына шығуды жоспарлап отыр. 


Айта кетейік, Қуат қаңтар айынан бері "Оренбург" командасы сапында ойнамады. Ал 30 шілде күні ресейлік команданың сапынан кетті. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×