БАС АСПАЗДЫҢ ТАҒДЫРЫ ҚАРАШАДА ШЕШІЛЕДІ

14.10.2011, 00:29
БАС АСПАЗДЫҢ ТАҒДЫРЫ ҚАРАШАДА ШЕШІЛЕДІ
Қазақстан футболының асханасындағы «шеф аспазшы» Мирослав Беранектің тағдыры қарашаның қара суығында шешіледі. Біздің федерация чех маманымен келісімді созу-созбау жағын қарастырады енді… Жалпы алғанда, Беранек ұлттық құрамада жаман жұмыс жасаған жоқ. Бір ұтыс пен бір тең ойын деп менсінбеуге келмес. Ұлттық құрама ойынында өсу бар. Біздің жігіттер гол соғуды үйренді. Қорғаныстың қадірін түсінді. Шторктың шатқалақтаған ойынын Беранек «жинап» берді. Әрине, Мирославтың тактикасын көріп миығынан жақтырмай күлер жұрт көп. Іздемей табасыз. Бір танысыңыздан Қазақстан футболын көресіз бе деп сұраудың өзі жеткілікті. Байыбына бармай жатып, Қазақстан футболын сынай кетеді. Спорттан хабары бар кез келген жанкүйер ішінен «сынауға мәстер» деп бір түйеді де қояды. Байыбына барып сын садағын оқтайық та… Бірақ қазақ жанкүйерінің де халін түсінуге болады. Біз, қазір, жеңіске ашпыз. Қазақ футболында «жеңіліс» аштығы жайлаған. Сондықтан болар, жанкүйер құраманың әр ойынына телміре қарапү үлкеее-е-е-н үміт күтеді. Сондықтан болар, қазақ жанкүйері Рауан Сариевтың жолынан үлкен үміт күтері. Кей жұрт «Рауанды жұлдыздыққа көтермеңдер» деп жатыр. Бірақ халық үшін қазір мұхиттың арғы жағынан үміт сыйлап жүрген Рауаннан алтын ештеңе жоқ. Сариевты тіл көз бен жұлдыздықтан сақтасын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×