Бас бапкер іздеген күн

25.01.2011, 18:43
Бас бапкер іздеген күн

«Ойланып көрейік». Бір ғана әңгіме барысында осы сөзге оралып соға беретін бапкер өмір сүрді, жер бетінде. Италияның футбол мамандары «полковник» деп айдар тағып, немістер «генерал» атандырған жаттықтырушы туралы қалам тербемеген тілші жоқ. Тек журналистер ғана емес, онымен қатар жүрген замандастары, өнер шеберлері, өзі тәлім берген ойыншылар, тіпті қарапайым жұртқа шейін ол туралы естелік айтуға құмар.  Көктеректе тұратын ағамыз Берікқажы біз аяқдопқа әуес болатын жылы «футбол білгірі сол ғана»,   деп тамсана әңгімелеген. Мамандығы математик, «есеп шығарудан асқан бақыт жоқ»,   дейтін туыстың қасында тапжылмай отырып, бейтаныс жаттықтырушыға бейіл бұрдық. Ол таңдаған тактиканы талдауға жетіп, қойған футболына пікір айта алмасақ та өзіндік қолтаңбасын аңғаратындай шамаға аяқ бастық. Арада тура жиырма жыл өткенде сұхбат алудың да сәті түсті.Сәті түсе салған жоқ. Алдымен, оны жоғалтып алдық. Жоғалтқанда да көз алдымызда отырған маманнан табан асты адасып қалдық. Таяқ тастам жерде ойынға қарап тұрған, біздер айналып барғанша көп есіктің бірінен аттап үлгеріпті. Ал табылсашы. Ресей басылымдарының өкілдері де шарқ ұрып іздеді, табылған жоқ. Біздер де «Динамо» манежін шыр айналдық. Көрдім деген пенде болсайшы. Сөйтсек қағаберіс бір бөлмеде жалғыз отыр екен. Жалғыз отырғанын да кейін білдік. Есіктің аузында автомат асынған топ тұрды. Бапкердің сол маңда екенін аңғартқан да солар. Тұтас елдің бағына біткен саңлағын орыс жерінде жеке күзетпен қамтамасыз еткен  елдің тірлігіне қайран қалып тұрғанда ой сап ете қалды. Мэтрді алыстан әдейі іздеп келдік. Сөйлеспей кетсек өкініш өзекті өртейді. Ресейдің беделді басылымдары өтініш айтқан екен, қабылдамапты. Уыста тұрған бақтан бас тартарыңыз біз бе. Ақыл тапқандай болдық. «Алматыда арқа-жарқа араласқан досы келіп тұр дегенді жеткізіңізші»,   деп күзет басына өтініш айттық. Санаулы минуттардан кейін әлгі есік айқара ашылып, Валерий Васильевич бері беттеді. Кәдімгі Лобановский. Бір орында байыз тауып отыра алмайтын, Кеңес футболын биік деңгейге көтерген кәнігі бапкер. Өзін іздеп келген жанды көргісі келіп, жан-жағына маңғаздана көз тастады да, кері бұрыла берді. «Сізді біз іздеп келіп едік»,   деп саңқ ете қалдық. Түріміз құтқарды. Жас қазаққа жымия қарады да, «Қазақстан десеңші, қалдарың қалай»,   деп қолын ұсынды. Күректей екен. Біздің қол алақанына сүңгіп кетті. Қал жақсы, Валерий аға, сіз Алматыға Киевтің «Динамосын» жетектеп келгенде, алдыңыздан арсалаңдап шығатын балалар көп. Соның бірі біз едік, енді спорт журналисі атансақ деген арманға оранып, Мәскеуге келдік. Егер қарсы болмасаңыз, екі сауалым бар еді. Досың келіп тұр дегенде, Алматыда араласқандар бар ғой, «қайсысы,  кім болды екен»,   деп шыға салып едім. Тілшімін десеңші, таң атқаннан талайы торуылдап жүр. Қазір мазам жоқ. Кейін бір реті келер. Реті ешқашан келмейді. Шындық осы, Валерий Васильевич. Онда қиын болды. Алматы қалай, «Қайрат» ойнап жүрген шығар, биыл келмеді ғой. Жақын арада келе алмайды да. Неге? «Қайратқа» қазір ешкімнің жаны ашымайды. Баяғы азуы мұқалып, қарсы келген топтарға есе жіберіп алады. Кезінде мықты еді. Жақсы футболшылар жүрді. Ойланып барып доп тебетіндер. Сондай спортшыларды жаным қалайды. Ойлы ойынды бағалаймын. Ал доп соңынан салпақтап жүгіретіндер жақсы футболшы емес. Құрбан Бердыевті ұмытпаған шығарсыз? Жалпы мен ештеңені ұмытпаймын. Алматыдағы кездесулер де есімде. «Қайрат» сапындағыларды тізе жөнелмеймін, бірақ кімнің қалай допты алып жүретіні, пасты қалай қабылдайтыны есімде. Алматыға барар кезде кәдімгідей ойланушы едік. «Қайрат» өз алаңында «тістеп» алатындар қатарынан. Олар ұпай бере салмайды. Әбден әуреге салады. «Қайрат» құрып барады дейсің, ә? Ол жақсы емес. Ұлттың бас командасы ғой. Оны сақтау керек. «Тараз» дедің бе? Өзге командалар да өссін, бірақ «Қайрат» мінезді команда еді. Ешкім құтқара алмады ма? Иван Яремчук жүр біздің елде. «Мұнайшыда» ойнайды. Яковенко, Рац үшеуі жүйелі футболға жүйрік еді ғой. Яремчук жүр де. Естіген шығармын. Киевте қазір де жақсы ойыншылар бар. Мынау Ребров, Ващук, Головко, Дмитриуллин, Шевченко... Қақпашы Шовковский де ұнады. Сен мені әңгімеге тартып тұрсың. Тілшілік міндетің шығар. Шынында да, менде уақыт тапшы. Ал «Қайратты» сұрап жатқаным, Қазақстанды сұрағаным. Елдерің тыныш қой, әйтеуір. Бұл сұхбат емес, сыр тарту, ой алмасу. Футболға шикісің деп тұрған жоқпын. Алматы әдейі жіберіпті. Біраз дерекке қанық та шығарсың. Менікі достық көңіл. Қазақтар аман болсын, Қазақстан аман болсын. Кейін бәрібір осы кездесу туралы жазамын, сонда не айтамын, қалың оқырманға? Жарайды, негізгі сауалдарға көш. «Жақсы бапкер болу үшін жақсы ойыншы табуың керек»,  дейсіз. Жақсы ойыншы тапқандар онсыз да жақсы бапкер емес пе? Жақсы бапкерді, жақсы ойыншы қалыптастырады. Жақсы ойыншы деген кім? Ол ең алдымен тәртіпті адам. Кәсібіне адал жандар. Білгенін ұмытып қалмайтындар. Ақылға құлақ тосатындар. Ибалы футболшылар. Ал бапкердің міндеті әлгі жақсы жандарды белгілі бір іске баулу, допты дұрыс тебуді үйрету. Пас беру, пасты қабылдау дейсің бе, таратып әкете бер. Өзі жақсы ойнайды, бірақ тәртіп бұзса ше? Ондайлар алысқа ұзамайды. Жауапкершілік жүктелген кезде сытылып кететіндерді айтамын. Ауырдың үстімен жүргісі келетіндер талантты болып туса да, таудай табысқа кенеле алмайды. Осы ойлы футбол келмеске кетіп бара жатқандай ма? Қашанда ақылды футбол үстемдік құрады. Қара дүрсін ойынға қатты құмар командалар алысқа шаба алмайды. Футбол деген не, ол тіпті қарапайым өнер. Мен өнер дедім бе? Өнер деген   үлкен ұғым ғой. Допты оңға, солға тебумен іс шектелмеуі тиіс. Футболшы қорғана білсін, алғы шептен де орын іздесін. Екеуміздің сөзімізді ел түсінбей қалмасын. Мен бүгінгінің футболы бұрынғының озық үлгісінен бас тартпаса деймін. Анау Голландия өзіндік серпін әкелді. Латын Америкасы доп ұстауды шебер меңгерді. Кеңес футболында да жаңалық көп болды. Ал былтырғы Еуропа чемпионатына жіті назар аударғандар байқады, қазір жүйелі комбинацияға құрылған ойындар жүлде ала бастады. Әлгі біріншілік әлемдік футболға түк берген жоқ деп байбалам салып жүр, кей білгіштер? Онда көзілдірік кигендері жөн. Қалай түк бермейді? Бірнеше жаңа шешімдер жасалды. Ойынды ұйымдастыруда озық үлгілер қалыптасты. Жалпы, даму дөңгелегі ешқашан тоқтамайды. Футбол да дамиды. Кейде адамды жалықтыратын матчтар кездеседі, мүмкін бапкер әдейі солай ойнауды тапсырған шығар. Сырттан төрелік айтуға құмарланбаңдар. Төркінін түсінгенде ғана дұрыс пікір шығады. «Лобановский Киевке қайта оралды. Енді несін береді?»,   дейтіндер де көп. Менің өз мақсатым бар, жетер жерімді өзім мөлшерлеймін. Жеткің келеді екен, жолдың дұрысын таңда. Рас, кедергілер кездеседі. Оларды аттап өте алмасаң, жолға шығып нең бар? Футболыңа сонша зауқым соғып тұрған жоқ. Әлде футбол туралы айтып тұрмын ба? Мүмкін, біздіңше футбол туралы. Бүгінгі «Динамоның» сапынан кімді бөле-жара айтар едіңіз? Шынымды айтайын ба? Шыныңызды айтыңыз. Осындай сауалдар шаршатады. Қай бапкер өзі баулитын ойыншыларды жұрт алдында жерден алып, жерге салады. Немесе озып шыққанын өзге шәкірттерін тұқыртқандай болып, көкке көтереді. Сауалды мен берейін, өзіңе қайсысы ұнады? Ребров. Дұрыс байқаған шығарсың. Алайда анау жас жігітті көрдің бе? Шевченко. Есіңе сақтап ал. Нағыз ойыншы сол болады.

P.S.  Валерий Лобановскиймен арада болған әңгімені ауық-ауық еске түсіреміз. Естігеніміз көп, түйгеніміз де бар. Кейбір тұстары бейнетаспаға тартылды. Достастық кубогына барған кезде сөйлесудің сәті түсті ғой. «Тобылға» қатысты материал дайындап отырған шақта білікті бапкерден естіген кейбір пікірді жанкүйерге ұсыну жайын ойладық. Мүмкін бір керегіне жарайды.

Амангелді СЕЙІТХАНОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Италии. Серия А
12.24
Интер
Комо
00.45
П1
1.363
Ничья
5.64
П2
9.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.089
Ничья
13.6
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Алдыңғы жаңалық
Алға, Өзбекстан!
Aladop Youtube
×