Бас бапкерге «алғыс»

02.12.2010, 01:28
Бас бапкерге «алғыс»
«Ассалаумағалейкум футбол десе ішкен асын жерге қояр жанкүйерлер» деп басталар әр футбол ойынының телекөрсетілімі. Футболдан Европа біріншілігіне іріктеу ойындарының Қазақстан құрамасының кездесулері  де осылай басталған еді. Ал сол ойындардан соң ішілмей қалған астан емес, Қазақстан құрамасының ойынынан аштан өлгелі жатқан жайымыз бар. «Аштан өлсең де қашпай өл» деп даласының бір пұт жерін қасық қаны қалғанша қорғап өткен ата-бабаларымыз, ұрпақтарының мынандай мардымсыз ойындарын көрмей кеткеніндеріне тәңіріне ырзашылығын айтып жатқан шығар. Кұрамамызда қара домалақ қазағымның екі–ақ баласы ойнағаннан күйініп айтып отырған жоқпыз, бұл жанайқайын, орыс баласының да отаным деп атқа қамшысын басатын жігіттері баршылық  қазақ жерінде. Ал соның бәрін ысырып қойып, бес легионерлік лимиті бардай сырттан ойыншылар шақыртып, оларға жылдам арада азаматтық әперіп, томағасын сыпырып жасыл алаңға ұшыра салғаныңызға жол болсын Шторк мырза. Сол түлкі алар деген «бүркіттеріңіз» түлкімізді алып қанжығамызды майлап берсе, аузымызға құм құйылып бізде, сізде орнымызда отырар ма едік? Ал, сол «бүркіттеріңіз» түлкінің астында қалып тыпырлап басылып қалғанын көргенде, көк байрағымызды таптап жатқандай әсер алдық. Сонда сол жыртқыштарыңыз өз еліміздің бүркіттертерінен тәжірбиелі, қулығы мол, тырнағы қатты деуге келер ме екен Бернд ағай. Сол Поповтың орнында Смақов, Гитериевтің орнына Байжанов, Шмидгальдың орнына Қонысбаев сияқты ойыншылар ойнаса кем түспес еді және құраманы сол ойыншылармен жабдықтап ұтылсаңыз, сізге ешкім өкпесін айтып, артыңыздан тас лақтырмас па еді деп ойлаймын. Ал енді Қазақстан біріншілігінен шақыртқан футболшыларыңызға да көңіліміз толмағанын айта кеткеніміз жөн шығар. Бәрін тізе бермей қақпашы жайына тоқталсақ. Сидельниковты Қазақстан біріншілігінің үздік қақпашысы деуге келмейді. Рас, ол біріншілікте аз доп жібереді, бірақ оны «Ақтөбе» қорғанысының мықтылығының арқасы деп білеміз. Соның өзінде екінші топтық кезеңдегі  «Локоматив» пен «Ақтөбе» арасында өткен кездесуде қарсылас команданың шабуылшыларына екі допты сыйлай салып «Ақтөбе» маңызды екі ұпайдан айрылғанын көрген де боларсыздар. Әлде ұстап тұрған добын қолынан шығара салуының себебін қолғабының жылтырлығынан деп, қазанның қақпағын жабулы күйінде қалдыра салдыңыз ба? Австриямен өткен кездесуде де осындай жағдай орын алған, (ол жолы допты аяғымен шабуылшыға бере салған жері бар) қайта бағына орай олардың шабуылшылары ол сыйлықты голға айналдыра алмады. Осындай өрескел қателіктерге бой алдыра беретін қақпашыны Петухов пен Лориядан артық көріп сенім білдіргеніңізге таң қаламыз. Сиделниковтың алдында Мокинге сенім артып, оныңда осындай өрескел қателіктерін көріп барып басқа қақапашы іздеп кетіп едіңіз, тағы да ізденіске көшетін шығар деп отырғанымызда, федерациямымыздың басшыларының да төзімі таусылған екен. Жастарға сенім артқан дұрыс деп алып қақпаға «шалдарды» қоя бергеніңізді не деп түсіндіресіз. Әлде жас қақпашы таппадыңыз ба? Мүмкін, Петухов пен  Мұқашев секілді қақпашылар сізге кәрі боп көрінді ме екен? Ал енді шет елдерден шақыртылған «легионерлерге» көшейік. Көршілес Ресей елінен Попов деген қорғаушы тауып әкелдіңіз, енді сол жігіттің ойнына көңіліңіз толды ма? Тура соны Австрия құрамасының шабуылшысы жас баладай алдап кетіп қақпамыздың торын соңғы минутта бүлкілдетіп, тоқсан минут ұстап тұрған тең нәтижемізді ысырап қылғанын көріп ызаға булыққанымызды жасырмаймыз. Олардың «Спартак Нальчигінен» шақыртылған Гетериевті де жасындай жарқылдады деуге келмейді. Оның алаңның қай жерінде ойнап жүргенін дөп басып айта да алмадық. Оған қарағанда Шмидгаль атты неміс жігітінің (мүмкін орыс жігіті) шабысы әжептеуір екен, оны да Австриямен өткен кездесуге алаңға (себебін білмедік) шығармадыңыз. Жоқ, құрама ойындары сізге Семей полигоны секілді сынақ жасайтын жер ме, әлде ойыншылардың бабын тексеретін жер ме? «Кеше бар жігіт бүгін жоқ, бүгінгі жігіт ертең жоқ» деген екен бір қолбасшы соғыс кезінде жауынгерлерінің санын тексеріп тұрып, сол секілді әр ойын сайын бір екі ойыншыңыз жоғалып кетіп жатты ғой қол астыңыздан. Біреуін (Остапенко) соғыс алдындағы жаттығуда құлшынысы жоқ  деп ауылына қуып жіберіпсіз. Доллар құсап жылт етіп көрініп, жоқ боп кеткен қаншама саңлақтарымызды тізе берудің жөні жоқ шығар. Басқа ойындарды қайдам, біздің соңғы Бельгия және Алманиямен өткен кездесулерде ұпай алмағанымызға қатты қуанған жайымыз бар. Біз әрине бельгиялық,  жә болмаса немістердің оңай олжалаған ұпайларына қуанған жоқпыз. Бізді қуантқан жалғыз себеп. Ол осы ойындардан  3 ұпай еншілемесе Шторк мырза құрама бапкерлігінен босатылады деген федерация басшыларының ақпараты еді. (Уәделерінде тұрғандарына алғысымызды білдіреміз). Алманиямен өткен кездесудің ақтық ысқырығынан кейін иығымыздан зілтемір түскендей, жеңілденіп қалғандай әсер алдық. Бұрын – соңды еш бапкердің орнынан босағанына дәл өстіп қуанбаған шығар қазақ жұртым. Талай адам жеті шелпегін пісіріп таратып, ал қалтасы көтеретіндері малдарын сойып құдайымызға тәубәшілігін айтты ма деп те ойлаймыз. Сіздің «құрама жастарға» атты бағдарламаңызды екі жыл бойы тамашалап, талай жүйке тамырларымыз қысылып, жүректеріміз шаншып, шыдас бергенінімізге таңымыз бар. Соңғы өтінішіміз, елімізден алыстап кетіп су ішкен құдығын жамандай бастайтын талай шет ел азаматтарына ұқсамай, қазақ футболын даттамай жүруіңізді сұраймыз. Мынау өлең жолдары сіздің еңбегіңіздің бағасы ретінде қарсы алыңыз, ағат кеткен жерлеріміз болса бірден кешірім сұраймыз. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Талайларға болдыңыз үлкен аға. Абыройсыз барасыз қайтып артқа, Қалай ғана жеттіңіз бұған аға? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Куә болды бұл елім масқараға. Бір доп ұрсақ қуандық ұтқандай боп, Әлде жастар жауынан жасқана ма? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Талай  доптар енді-ғой қақпамызға. Сіз басқарған кезеңде, іріктеуде, Жарымады-ау қазағым қақпашыға. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Қандай есеп бересіз сұрағанға. Міндетімді атқардым әйтеуір деп, Күліп бара жатсыз ба құлағанға. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға Пайда бар ма енді біз жылағанда. Аяйын деп түрік пен немістерің, Ұпай берер деймісіз жырлағанда. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Тастап кетіп барасыз не мұраға. Өсер ұрпақ қазақтың ұтылғанын, Шторктің арқасы деп еске ала ма? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Шипа бар ма жағатын бұл жараға. Үмітсіз шайтан деген, мүмкін әлі, Сіз әперген ұпаймен топ жара ма. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Ізіңізден сұп – суық жел қала ма? Ағылшынға кіргізген жалғыз допқа Рахмет айтып артыңнан ел қала ма? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға Ел аузында атыңыз сақтала ма? Жастарға үміт артып, шапқыздым деп, Бұл ағам сылтау айтып ақтала ма?

Нұрмұхамед МҰРАТБЕК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.04
Ипсвич Таун
Кристал Пэлэс
00.30
П1
3.375
Ничья
3.375
П2
2.308
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.04
Лестер Сити
Вест Хэм Юнайтед
01.15
П1
3.075
Ничья
3.545
П2
2.386
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.05
Манчестер Сити
Ноттингем Форест
00.30
П1
1.428
Ничья
5.09
П2
7.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.05
Ньюкасл Юнайтед
Ливерпуль
00.30
П1
4.38
Ничья
4.175
П2
1.793
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.05
Эвертон
Вулверхэмптон
00.30
П1
2.19
Ничья
3.565
П2
3.46
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.05
Саутгемптон
Челси
00.30
П1
8.45
Ничья
5.85
П2
1.358
Чемпионат Испании. Примера
12.05
Атлетик Бильбао
Реал Мадрид
01.00
П1
3.245
Ничья
3.705
П2
2.287
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.05
Арсенал
Манчестер Юнайтед
01.15
П1
1.456
Ничья
4.985
П2
7.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.05
Астон Вилла
Брентфорд
01.15
П1
1.844
Ничья
4.05
П2
4.225
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.06
Фулхэм
Брайтон энд Хав Альбион
00.30
П1
2.365
Ничья
3.82
П2
2.931
Алдыңғы жаңалық
Келесі кім?
×