Бауыржан Байтана: «Биыл «Ақтөбенің» чемпион болғанын қалайтындар көп»

30.07.2022, 16:50
Қазақстандық футболшы «Ақтөбе» сапында 18-ші нөмірмен ойнайтын болады.
Бауыржан Байтана: «Биыл «Ақтөбенің» чемпион болғанын қалайтындар көп»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана «Ақтөбеге» ауысуы туралы пікір білдірді:

– «Ақтөбеге» оралғаныма қуаныштымын. Бірақ қазіргі трансферді 2017 жылы болған жағдаймен салыстыруға болмайды деп ойлаймын. Ол кезде менде жарақат болды, сондықтан өзімді жақсы жағынан көрсете алмадым. Ал қазір бәрі басқаша.

Қайтып келгеніме өте қуаныштымын. Мен «Ақтөбе» жейдесінде ресми матчқа шығып, жақсы ойын көрсетіп, жергілікті жанкүйерлерді қуантқым келеді.

– «Ақтөбемен» келіссөздер қалай өтті және клубтың ұсынысын қашан қабылдадыңыз?

– Мамыр айы болатын. Елордада ұлттық құраманың жаттығу жиыны басталған кезде клуб басшылығы қоңырау шалды. Олармен кездесіп, сөйлестік, барлық мәселені талқыладық. Одан кейін бас бапкер Андрей Карповичпен де сөйлестім. Ол мені қандай позицияда көретінін және командасында қалай пайдаланатынын айтты. Ойымыз бір жерден шыққандай болды. Сондықтан осындай шешімге келдік. Яғни, бір жарым ай бұрын біз бәрін келісіп алған едік.

- Сіз осы маусымда 16 матчта 9 нәтижелі пас беріп, 3 гол соқтыңыз. Осындай сәтті маусым өткізуіңнің сыры неде?

- Жақсы оқу-жаттығу жиыны мен жемісті жұмысымыздың арқасында деп ойлаймын. Яғни, бұл менің ғана емес, бүкіл ұжымның, «Тараздың» еңбегі.

– Бұрын «Ақтөбеде» 7-ші нөмірмен өнер көрсеттіңіз, бұл жолы 18-ші нөмірді таңдадыңыз. Мұның себебі неде?

- Қазір маусымның ортасы болғандықтан, маған ұнайтын нөмірлердің көбісі бос болмады. Сондықтан маған 3-4 нұсқа ұсынылды және мен олардың ішінен ең қолайлысын таңдадым.

- «Ақтөбе» биылғы маусымда чемпион болу үшін алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Бұл жайлы не ойлайсыз?

- Клуб басшылығымен және бас бапкермен сөйлескенімізде бұл мақсаттар туралы әңгіме болды. Биыл «Ақтөбенің» чемпион болғанын қалайтындар көп. Менің де қалауым сол. Бірақ алдын ала бірдеңе айтып, болжаудың қажеті жоқ. Қалған 11 матчта жақсы ойнауымыз қажет. Одан кейін не болатынын көре жатармыз. Бірақ ең маңызды міндет, әрине, чемпион болу. Алайда, бұл туралы айта бергенше, барлығын іспен дәлелдеу керек деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.916
Ничья
3.87
П2
4.075
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.84
П2
6.21
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.28
Ничья
3.605
П2
2.253
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.12
Ничья
3.805
П2
1.923
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.075
Ничья
15
П2
34
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×