«Ордабасының» түлегі мансабын Беларусь чемпионатында жалғастырады

30.07.2022, 16:03
Шымкенттік клуб жас фктболшына жалға жіберді.
«Ордабасының» түлегі мансабын Беларусь чемпионатында жалғастырады

21 жастағы қазақстандық шабуылшы Бағдат Жиенбай беларусьтік «Энергетик-БГУ» командасына ауысты, деп хабарлайды Football.by сайты.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, жас футболшы беларусьтік командада жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен.

Бағдат Жиенбай – «Ордабасының» түлегі. Ол шымкенттік клуб сапында небәрі бір ойын өткізген.

Шабуылшы соңғы кездері Бірінші лигада бақ сынайтын «Академия Оңтүстіктің» намысын қорғап жүрген еді.

Еске салайық, 14 ойыннан кейін 28 ұпаймен «Энергетик-БГУ» Беларусь Жоғарғы лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×