Бауыржан Әбдубайытов барлығы 18 футболшымен 2.3 миллиард теңгеге заңды бұза отырып келісімшарт жасасқан

25.04.2025, 10:40

Шымкент қаласының "Ордабасы" футбол клубының легионерлеріне ай сайын 20 миллион теңгеге жуық жалақы төленіп отырған. "Бірінші бол" YouTube арнасы бұл мәселені тереңірек зерттеп, бейнематериал жариялады. Онда клубтағы қаржылық бұзушылықтар, прокуратураның тергеуі және футболдағы жүйелі мәселелер кеңінен талқыланды.

Бауыржан Әбдубайытов барлығы 18 футболшымен 2.3 миллиард теңгеге заңды бұза отырып келісімшарт жасасқан

Бейнематериалда жүргізуші Олжас Байбосынов "Ордабасы” клубының кейбір шетелдік ойыншыларына ай сайын 17 955 555 теңге көлемінде жалақы төленгенін атап өтті. Бұл сома клубтың жалпы бюджетінің едәуір бөлігін құрайды және мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігіне қатысты сұрақтар туындатады.

Бейнематериалда прокуратураның "Ордабасы" клубындағы қаржылық бұзушылықтарға қатысты тергеу жүргізіп жатқаны айтылды. Тергеу барысында клубтың қаржылық есептерінде сәйкессіздіктер анықталған. Прокуратура бұл мәселеге байланысты нақты тұлғаларды жауапқа тартуды жоспарлап отыр.

Бейнематериалдың екінші бөлігінде “Ордабасы” клубының ойыншыларының басқа өңірлерде болатын ойындарға үнемі ұшақпен баратыны туралы айтылды. Әрине ҚПЛ клубтарының көбісі ұшақпен қатынайды, бірақ прокуратура осы жерде де Шымкенттіктердің ақшаны тиімсіз жұмсағанын анықтады. 

Олар 2023 жылы 137 миллион теңгеге, 2024 жылы 143 миллион теңгеге әуе билеттерін сатып алыпты. Мәселе олардың билеттерді рейс ұшуына 5-6 күн қалғанда ғана броньдап алып отырған.

Прокурорлардың айтуынша чемпионат графигі жарты жыл бұрын белгілі болған, егер билеттерді ертерек алса, шығынды 30% дейін үнемдеуге болтын еді.

Осылайша “Ордабасы” клубы қала бюджетіне 2023 және 2024 жылдары айтарлықтай шығын келтірген. 

Бұл жағдай қоғамда футбол клубтарының қаржылық ашықтығы мен мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігіне қатысты кең талқылау тудырары сөзсіз. Көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер клубтардың қаржылық есептерін жария ету және бақылау механизмдерін күшейту қажеттігін алға тартуда.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×