Бүгін, 15 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азия чемпиондар лигасында "Аль-Айн" үшін кезекті матчын өткізеді.
Үшінші турда Исламхан командасы «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Хави баптайтын катарлық «Аль-Садд» клубымен ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.
«Аль Айн» қазіргі Азия Чемпиондар лигасында әлі бірде-бір ұпай жинай алған жоқ. Алдыңғы турларда команда ирандық «Сепахан» командасына (0:4) және арабиялық «Аль-Насрға» (1:2) есе жіберді. Ал Хавидің командасы «Аль-Насрмен» тең ойнады (2:2), содан кейін «Сепаханды» жеңді (3:0).
Исламхан ақпан айынан бастап "Аль-Айн" клубында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда қазақстандық футболшы он матч өткізіп, бір гол соқты, үш нәтижелі пас берді. Шілде айында ол "Аль-Айнмен" үш жылдық келісімшартқа отырды.
Біздің серіктес: FONBET