Бауыржан Исламхан Мәскеуде медициналық тексерістен өтіп жатыр

06.05.2021, 20:05
Футболшы Зайнутдиновпен де кездесіпті.
Бауыржан Исламхан Мәскеуде медициналық тексерістен өтіп жатыр

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Мәскеуде медициналық тексерістен өтіп жатыр. Бірақ мұның ешқандай трансферге қатысы жоқ.

Одан бөлек, Бауыржан Мәскеуде ЦСКА клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновпен кездесті. Бұл жайлы футболшы өзінің инстаграм (сторис) парақшасында жариялады.


Естеріңізге сала кетейік, Исламхан күзден бері жасыл алаңға шыққан жоқ. Денесінен тыйым салынған заттың табылуына байланысты футболшы екі жылға футболдан шеттетілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×