«Шахтер» ресейлік футболшымен толықпақ

06.05.2021, 18:49
Футболшы қарағандылық клубқа еркін агент ретінде қосылмақ.
«Шахтер» ресейлік футболшымен толықпақ

Ресейлік "Чайка" клубының жартылай қорғаушысы Алан Чочиев мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастырады. 29 жастағы футболшы өзара мәміле бойынша командасымен келісім-шартты бұзған екен.

Чочиев ФНЛ-дің ағымдағы маусымында 32 ойын өткізіп, бір гол соқты. Матч ТВ порталының хабарлауынша, Чочиев "Чайканың" бұрынғы бапкері Магомед Адиев жаттықтыратын "Шахтер" клубына қосылады.

Айта кетейік, "Чайка" сапында Қазақстан құрамасының футболшысы Рамазан Оразов өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×