БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН – ТАЛАНТЫ ТАНЫЛҒАН БОЗБАЛА

04.04.2012, 23:12
БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН – ТАЛАНТЫ ТАНЫЛҒАН БОЗБАЛА

Қазақ футболы – көгіне күн болып көтерілгісі бар жас аяқдопшыларға кенде емес. Бірақ, жарқ етіп көрінетін сондай жұлдыздардың, жалп етіп сөнуі де сондайлық жылдам. Астарына үңілер болсақ, таяқтың ұшы айналып келіп ойыншының өзіне тиеді. Көл-көсір ақша, шамадан тыс назар, мәні жоқ мақтау сөз – бесіктен белі шықпаған бозбаланың кеудесіне нан пісіріп, желдей ескізетіні жасырын емес. Содан да шығар, өзіміз тамырын тап басқан талант ертеңгі күні талабын семдіріп, қабілетін қашырып жататыны бар.

Соңғы бірнеше жылдың бедерінде біздің футболда Жамбыл Көкеев, Танат Нө сербаев, Бауыржан Жолшиев, Бауыржан Байтана, Ерзат Кеңбаев, Бауыржан Исламхан, Ұлан Қонысбаев, Елдос Ахметов сияқты бір шоқ жас жұлдыздар пайда болды. Біразы еркінен тыс еркелікке салынып, футболға тойып қалғандары да кездесті. Бірақ, бүгінгі айтар әңгімеміздің ауаны бөлек. «Тоғыз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе дегендей» бұлардың арасында жасы әлі жиырмаға да ілікпеген, соған қарамай ұлттық құрамаға шақырылып, жастар құрамасы сапында «Достастық кубогінің үздік ойыншысы» атанып үлгерген Бауыржан Исламхан туралы болмақ. Иә, сөзіміздің басында айтқандай қазақ футболында қазақтың қаракөздері көбейіп келеді. Солардың біразы ұлттық құрама сапынан сүбелі үлестерін алып үлгерді. Ұлт тық құрама қатарына шақыру алу екінің біріне бұйыра бермейтін ерекше бақ. Сондай бақыт құсы 19 жасар бозбала Бауыр жанға да келіп қонды. Құрама қатарына шақырту алам деген ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген арман еді. Команда са пындағы алғашқы жаттығуын өткізіп, Ұлан Қонысбаев, Сергей Остапенко, Қайрат Нұрдаулетов сияқты аладопты ұршықша иірген алапайлармен қатар доп тепкенде көкірегін қуаныш кернеді. Ал Беранек жас талантты «ә» дегеннен лапылдаған қызыл оттың ортасына тастап кеп жіберді. Бауыржан бірінші минуттан-ақ алаңға шығам деп мүлде ойламаған. Бірақ білікті бапкерге іштей разылық танытты. «Қобалжымауға тырыс, допты дереу бер, тез шешім шы ғар», деп өзін-өзі іштей қайрап шыққан. Бірақ ыстық-суыққа әлі төселе қоймаған жұдырықтай жүрегі ойын басталған ал ғаш қы секундтарда мұның дегеніне болмай, кеудесіне сыймай дүрсілдей жөнел месі бар ма. Бастапқы бес-он минутта қол аяғы қалтырап, доп дегеніне жүрмеді. Шын жүйрік қыза-қыза шабады емес пе, шамалыдан соң бойдағы қобалжу мен қорқы нышы қайтып, өзінің әуелгі ойын өрнегін тапты. Латыштар қорғанысының көбесін сөгуге тырысқан жас таланттың дарабоз ойынына қалың жанкүйер куә. Бауыр жанның тұсаукесер ойынына көңілі толған бас бапкер Беранек те жас өскінді алаңнан ауыстырған жоқ. 90 минут тер төккізді. Бұл да Бауыржанға берілген орасан мол мүм кіндігі екендігі сөзсіз. (Естуімізше ұлт тық құраманың тізгіні Бернд Шторктың қо лында болған кезінде, жастар құрамасының бас бапкері Слободан Крчмаревич екеуі Бауыржанды өз командаларының қатарына тартып талас жүргізген екен). Сол ойыннан кейін қырағы көз футбол мамандары жас дарынды біздің футболдың болашағына балап, аста-төк ақпараттарды желдей естірді. Алайда ол алып-қашпа әңгімелердің еш біріне көңіл бөлген жоқ. Өзін баулып баптап, бүгінгі деңгейге жеткізген «Тараз» футбол клубына деген адалдығын сақтады. Мұның себебі, балалық шақтың көңіл көкжиегінде қалған тәтті мұң, алыс арманда жатыр. Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген Бауыржан «Тараз дың» бірде-бір ойынын қалт жібермейтін. Олег Литвиенко, Нұркен Мазбаев, Нұрмат Мырзабаев, Азамат Ниязымбетов сынды саңлақтардың ойынын көруге алыстағы ауданнан талмай келетін еді. Кейін келе алаң сыртында тұрып доп беретін өзіндей арман қуған бір шоғыр балалардың қатарына қосылды. Ал аулааралық футболда Бауыржанмен бәстескісі бар талай тарлан шаң қауып қалатын еді. Кейіннен футбол үйір месіне барды. Бауыржанның үлкен футбол ға үдере қосылуға алғашқы бас бапкері И. Иг линскийдің де әсері зор болды. Байқай мыз, Бауыржанның ойынында еліктірер екпін бар. Сондай бір жаңашыл леп біздің құрамаға жетіспей жүрген еді. Мысалға, Латвияға қарсы өткізген ойында Бауыржан оң қапталда да, сол қапталда да ойқастап қар сыластарының зәре құтын қашырды. Демек, Беранек бір аңғарса жас таланттың ұстараның жүзіндей лыпылдаған шапшаң дығын шыңдай түспек болған. Иә, Бауыржан көз ілеспес жылдамдығы бар жүйрік ойыншы. Және допты көзсіз алға алып жүгірмей, алды-артын бағамдай алатын салқынқандылығы да бар. Командаластарымен тізе қоса ойнауға шебер. Жалпы, бұл Жамбыл өңірі талай тар ланның томағасын сыпырған футбол цехы іспеттес. Латвия құрамасына қарсы өткізген ойында ұлттық құрама жейдесін киген 25 футболшының 5-і Тараз футболының тү легі екен. Атап айтсақ, бүгінгі таңда «Тараз» намысын қорғайтын Нұртас Кургулин, Елдос Ахметов, Бауыржан Исламхан және Ұлан Қонысбаев («Астана») пен Виталий Евстигнеев («Ақтөбе»). Жамбылдан шық қан Талғаев, Огай, Масудов секілді бапкер лерді атап өтсек те жететін шығар. Ал Бауыржанның футбол биігіне шығып, сол арқылы отандық футболдың атын танытатын мерейі әлі алда деп білеміз. Бастысы, жас талантты тіл-көзден сақтасын дейік.

ДЕРЕК Бауыржан Исламхан. 1993 жылы Жам был облысы, Байзақ ауданында дү ниеге келген. «Тараз» футбол клубының жартылай қорғаушысы. Бойы – 174, сал мағы – 63. Футболмен он жасынан бері ай налысады. «Тараз» сапындағы алғашқы маусымында – 27 ойын өткізіп, 2 гол соқ ты. Қазақстан жастар құрамасының қатарында «ТМД Достастық кубогінің үздік ойыншысы» атанды. Қазір Әулие ата университетінің түлегі. БАПКЕР БАҒАСЫ Любомир ПЕТРОВИЧ, «Тараз» футбол клубының бас бапкері: Негізінде жастармен жұмыс жасау – істің ауыры. Жас дарынды қашан ойнатып, қай кезде қосалқы құрамада қалуын біліп отыратындай, бас бапкер психолог бола білуі тиіс. Ал Бауыржанның ойынына келер болсақ, ол ойын стилі жағынан «Барселона» сапындағы Иньестаға көбірек ұқсайды. Ұтымды пас берудегі дәлдігі керемет. Жасы небары 19-да болса да, ол қазірдің өзінде ұлттық құрама сапында ойнауға лайық. аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×