3 наурызда «Қайраттың» Тимур Сегізбаев атындағы Академиясында журналистерге арналған баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Команда капитаны Бауыржан Исламхан «
PROСПОРТ» порталының
тілшісі қойған сұрақтарға жауап берді.
– Бауыржан, 7 наурызда өтетін Қазақстан чемпионатының алғашқы турында «Тобылмен» күш сынасасыздар. Жанкүйерлер матчтан не күтсін?
– Әрине, жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Жігіттер тас-түйін дайын. Фанаттар бізді қолдауға келсе, жігерлене түсеміз.
– Кеше ғана Александр Меркель ұлттық құрамаға ресми түрде қабылданды. Бұл жігіттің алаңдағы позициясы сіздікіне жақын. Оңай тіл табыса аласыздар ма, қалай ойлайсыз?
– Өзімен жеке таныс емеспін, бірақ жақсы ойыншы деп естідім. Орталық алаңға таласпаймыз, ең бастысы, ұлттық құрамаға пайда тигізіп, жеңіске жету.
– Ұлттық құрама ойындарының қай қалада өткені сіз үшін ыңғайлы – Астанада ма, Алматыда ма?
– Әрине, Алматыда өткені жақсы. Біріншіден, Астананың стадионына жанкүйерлер аз келеді. Екіншіден, еуропалық командалар тек табиғи шөпте ойнайды. Бұл тұрғыда Алматының стадионы тиімдірек.