Байқау қорытындылары белгілі болды!

03.03.2015, 06:12
Байқау қорытындылары белгілі болды!
ЖалынОсыдан бір апта бұрын әнші Жалын Ғалым "Аладоп.кз" сайтына байқау жариялаған болатын. Мінекей, уәде еткеніміздей бүгін байқау қорытындысы белгілі болды. Әнші-сазгер Жалын Ғалым өзінің сүйікті командасы "Реал" Мадрид командасының жейдесін жүлдеге қойған.   Жалын Ғалым: - Шынымен де өте тартысты бәйге болды. Көптеген пікірлер келіп түсті. Олардың барлығын да оқып шықтым. Ең қатты ұнаған пікір авторы Бақдәулет Пернебек. Суперкубок финалы жайлы ашыта, ашына жазыпты. Мен де көрдім сол матчты. Менде де сондай ой қалды. Ой бір жерден табылатын адамдардың баршылығы мені қуантады. Байқауға ат салысып, пікір жазысып, өзінің азаматтық позициясын білдірген барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін. Бақдәулет Пернебек - жейденің иегері "Шыны керек матчты көріп отырып финалды емес,көше футболын көріп отырғандай әсер алдым.Мені қоя береңіз шетелде көрсеткен телеарналар мен футбол жанкүйкерлері біздің футбол туралы қандай пікірде қалды екен.Мүмкін сірә, енді Қазақ футболына құныға қоймас.Анда-санда бір демалып, футбол тамашалайтын Нүрекеңде футболдан ләззәт алмақ түгілі, жүйке жүйесі сыр берген болар.Ол кісіге өкпе жоқ.Тамаша стадион салғызды,қыруар ақшада бөліп жатыр,керек десеңіз Бразилиялға футбол әліппесін үйренуге балдарды оқытуғада жіберді.Ақша судай шашылды,бірақ доп аяққа бағынар емес… Финалға оралсақ…Финалда гол көру былай тұрсын,керемет шабуылдарды мен комбинациялар көру мұң болды.Футболшылардың аяғына доп келсе болды,құтылуға даяр тұрады.Ең бастысы доптан құтылса болды.Құтты бейне бір, алаңда біреу қинатып доп ойнатып жатқандай әсер қалдырады.Футболшылардың көзінен жалындаған от пен жеңіске деген құштарлықты көре алмайсыз.Пенальтиді де зорға тептік.Орындалған 12 пенальти, соның ішінен тек бесеуі ғана голға айналды.Білмеймін бұған недеуге боларын, пенальтидің өзін әрең саламыз.Әйтеуір кубокты алғандарына мәз біздің жігіттер. Бұл жердегі мақсатым ел футболын жамандап нұсқан келтіру емес ,бірақ әркім өз мамандығын жетік меңгеру тиіс.Қолыңнан доп тебу келмейді ма,онда өз орныңды өзгеге босат.Өзгелерде бағын сынап көрсін.Футболымыз әне дамыйды, міне дамыйды деп жүргенімізге қаншама уақыт болды.Уақыт керек дейді біреулер,бірақ тәуелсіздігін бізбен бірдей алған Кеңес одағының елдерінің футболдағы шама шарқын бізбен салыстыруға мүлде келмейді.Олар бізден әлде қайда жоғары сатыда…Құрамасында,клубында алып қараңыз.Тек біздің шамамыз Қырғызстанға жетеді.Оғанда шүкір..Бізге енді қанша уақыт керек,қашан дамимыз?Қашанғы шетелден өз ойынын таба алмай келген легионерлерді негізгі құрамға қойып, біздің жігіттерді қосалқы құрамда телміртіп қоймақпыз.Білмеймін…Бір білетінім әзірше біздің елдің осылай футбол ойнағаны, ойнаған.Бізге тың бір жаңа дүние керек.Бірақ ол серпілісті әзірге ешкім жасай қоймас". Жеңімпаз мына сілтемеге хабарлассын: http://vk.com/jalin88 Қадірменді сайтымыздың оқырмандары жақын күндері тағы бір байқау басталатынын айта кетеміз. "Аладопты" аша жүріңіздер!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×