“Мен үшін ең үлкен қуаныш осы” – Бауыржан Исламхан Ұлттық құрамаға неге – Бапкердің сөзінің артында қандай құпия жатыр?

Бүгін, 16:40

Маусым айында өтетін Ұлттық құраманың сырт алаңдағы жолдастық кездесулеріне арналған  тізімге Бауыржан Исламханның ілінбей қалуы бойынша Григорий Бабаян мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Мен үшін ең үлкен қуаныш осы” – Бауыржан Исламхан Ұлттық құрамаға неге – Бапкердің сөзінің артында қандай құпия жатыр?

“Астана” клубының бас бапкері Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл жағдайға қатысты өз ойын ашық білдіріп, ойыншының қазіргі жағдайы туралы айтты.

Бабаянның айтуынша, Ұлттық құрама бапкерінің шешіміне түсіністікпен әрі құрметпен қарау керек. Дегенмен, Бауыржанның ұзақ үзілістен кейін тізімге ілігуінің өзі — үлкен жетістік.

“Біріншіден, біз Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Маруанұлының көзқарасы мен шешімін құрметтеуіміз қажет. Алайда, оның Бауыржан Исламханды екі жарым жылдан кейін қайтадан кеңейтілген тізімге қосуы — футболшының ауыр жарақаттан толық айығып, дұрыс бағытта келе жатқанын білдіреді. Сондықтан біз оның дені сау, бабында екеніне шын жүректен қуануымыз керек. Егер ол осы қарқынмен жұмыс істей берсе, негізгі құрамаға шақырту алуы тек уақыт еншісіндегі дүние.” — деді Григорий Бабаян.

“Астана” тәлімгері үшін қазіргі басты қуаныш — Исламханның жасыл алаңда толыққанды ойын көрсетіп, клубқа барынша көмектесіп жүргені.

“Дәл қазір мен үшін ең үлкен қуаныш — Исламханның оңтайлы формада болып, бізге пайдасын тигізуі. 90 минуттық ойындар мен үшін өте жақсы белгі. Ол әлі де өз деңгейін арттыра түседі деп үміттенемін. Өйткені, бұрынғы өзі көрсеткен ең мықты қалпына келу үшін оған шамамен 10-15 пайыз қажет. Егер ол осы қадамды жасап, біз оған қолдау көрсетсек, бұл әрі Қазақстан құрамасы үшін, әрі “Астана” үшін өте мықты күшейту болмақ.” — деп түйіндеді сөзін клуб бапкері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×