
"Байерн Мюнхен" "Атлетик Бильбао" клубының шабуылшысы Нико Уильямсты ала алмаған жағдайда басқа жоспарға көшеді. Бұл туралы The Daily Briefing басылымына инсайдер Кристиан Фальк хабарлады. Альтернативалар "АС Милан" шабуылшысы Рафаэл Леау мен "ПСЖ"-ның шабуылшысы Брэдли Баркола.
Бұған дейін "Бавария” жазғы трансферлік терезеде басты нысана ретінде Нико Уильямсты белгілегені және ойыншы үшін талап етілген 60 миллион еуроны төлеуге дайын екені хабарланған болатын. Алайда клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Және тағы бір кедергі “Барселона” Никоны алуға өте жақын тұр.
Біздің серіктес: FONBET