
"Байер" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц Мюнхеннің "Бавариясынан" түскен қаржылай ең тиімді ұсыныстан бас тартып, Англияның "Ливерпуль" клубына ауысуды таңдады. Бұл туралы The Daily Briefing басылымына инсайдер Кристиан Фальк хабарлады. Германия чемпиондары футболшыға "Ливерпульден" алатын жалақысынан €24 миллионға көп қаражат ұсынуға дайын болған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Флориан Вирцтың Ағылшын клубындағы жалақысы жылына шамамен €20-22 миллионды құрайды.
"Баварияның” Вирцті “Ливерпульге” беріп қойған себебі ойыншы үшін сұралған €140 миллиондық трансферлік сумманы тым жоғары деп санауы болды.
Сондай-ақ дереккөздердің мәліметінше, Мюнхендік клуб Вирцтың трансфері орындалмағанына бір жағынан қуанышты, өйткені бұл жағдайда олар екі вингермен ойнайтын тактикалық сызбасын өзгертуге мәжбүр болар еді. Егер Вирц келіскенде, оны алаңда тағы бір шабуылшы жартылай қорғаушы Джамал Мусиаламен қатар орналастыру қажет болар еді.
Біздің серіктес: FONBET