«Ордабасы» - «Елімай» кездесуіне болжам

15.06.2025, 16:40

Шымкенттік команданың ойыны тұрақсыз - алдымен маусым басындағы сәтсіздік, кейін Андрей Мартин шәкірттері керемет серия берді: ҚПЛ аясында қатарынан 4 ойын ұтып, турнирлік кестеде жоғарылаған.

«Ордабасы» - «Елімай» кездесуіне болжам
«Ордабасы» футболшылары жаттығуда

Тіпті, «Ордабасыны» чемпиондық таласқа қосқандар да табылды. Бірақ, соңғы екі ойында шымкенттіктерде тағы сәтсіз жолағы басталғандай ма? Алдында өз алаңында ең соңғы орындағы «Ұлытаудан»  ұтылып, масқара болды 0:1. Одан кейін өткен турда «Жеңісті» жеңе алған жоқ 2:2.  Шымкенттік ұжым енді бүгін жеңісті жолына қайтадан түсіп, сәтсіздікке нүкте қоймақшы.

«Елімай» мен «Ордабасы» дәл қазір  турнирлік кестеде көршілес орналасқан. Андрей Карповичтің семейлік ұжымы шымкенттіктерден бір саты биік тұр. Енді бүгін тікелей қарсыласын қапы қалдыру аса маңызды. Семейліктердің де соңғы нәтижелері көңіл көншітпейді - Петропавлда «Қызыл-Жармен» ұпай бөліссе 1:1, өткен турда өз алаңында «Астанаға»  қарсы айла таба алған жоқ 0:2.

Болжам - екінші тайм тоталы 1.5-тен көп болады. Fonbet.kz бұған 2.45 коэффициент беруде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×