«Бавария» «Аякстың» талантты футболшысын қатарға қосты

25.05.2022, 22:13
Ол футбол әлемінде «екінші Погба» деген атқа ие болған.
«Бавария» «Аякстың» талантты футболшысын қатарға қосты

Амстердамдық «Аякстың» жартылай қорғаушысы Райан Гравенберх мансабын «Баварияда» жалғастырады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, 19 жастағы футболшы жақын арада германиялық клубқа ауысады. Гравенберх «Бавариямен» бес жылдық келісім-шартқа отырмақ. Мюнхендік команда голландиялық жартылай қорғаушы үшін 25 миллион еуро төлейді.

Гравенберх - «Аякс» академиясының түлегі. Оның амстердамдық клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген. 2021 жылдан бастап Райан Нидерланды құрамасына шақыртыла бастады. Гравенберх осы маусымда 30 матч өткізіп, екі гол мен бес нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×