Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындықты бастады

25.05.2022, 23:27
Жиынға екі футболшы келе алмады.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындықты бастады

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Аренада» алғашқы жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығу жиынына жарақат алған қорғаушы Марат Быстров пен отбасы жағдайына байланысты қақпашы Стас Покатилов келе алмады. Олар алдағы ойындарға қатыспайды. Ал Нұралы Әліп қатарға 29 мамыр күні қосылады.

Еске сала кетейік, Әзербайжанмен ойын 3 маусым күні сағат 20:00-де болады. Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×