Чемпиондар Лигасының финалында дортмундық "Боруссиямен" болған ойында "Бавария"командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Массагет сайты хабарлайды.
60-минутта баварлықтардың шабуылшысы Марио Манджукич ойындағы есепті ашты. Арада 8 минут өтер-өтпесте Илкай Гюндоган 11 метрлік айып добын сауатты орындап, таразы басын теңестірді. Шешуші гол 89-минутта орын алды. Арьен Роббен Рибери берген пасқа сытылып шығып, қақпашыны қапы қалдырып кетті.
Ойынның үздік ойыншысы болып Арьен Роббен танылды.
"Бавария" командасы Чемпиондар Лигасындағы бесінші жүлдесіне (Чемпиондар Кубогі) ие болып отыр.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек massaget.kzКПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a