Юпп Хайнкес "Реалға" келе ме?

27.05.2013, 16:32
Юпп Хайнкес "Реалға" келе ме?
Юпп Хайнкес “Реалды” жаттықтыруға дайын. Мюнхендік “Бавариямен” жақында ғана Бундеслига мен Чемпиондар лигасын жеңіп алған тәжірибелі неміс бапкері Мадридтте жұмыс істеуге әзір. Тек “Реал” президенті Флорентино Перестен қоңырау түссе болғаны. Бұл жайында Хайнкестің агенті Энрике Рейес мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек неміс жаттықтырушысы 1997-1998-жылдары карольдік клубқа бапкер болған. Өз орнын “Барселонаның” бұрынғы жаттықтырушысы Хосеп Гвардиолаға берген Юпп Хайнкес осылайша өз спорттық карьерасын жалғастырмақ.      
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×