СОҢҒЫ АЙҚАС. ЖАНКҮЙЕРЛЕР ПІКІРІ

25.05.2013, 22:27
СОҢҒЫ АЙҚАС. ЖАНКҮЙЕРЛЕР ПІКІРІ

Дортм-баварияОсыдан бірнеше апта бұрын сайтымызда "Неміс финалы бола ма?" деген мәселені қаузаған едік. Расында да, немістің қос мықтысы бүгін финалда ойнауға толықтай құқылы. Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық ойыны. Он ай бойы Еуропаның ең үздік командасын анықтау барысында кәрі құрлықтың ондаған командалары бақтарын сынаған болатын. Командасына миллиондаған қаржыны бөлген гранд клубтардың басшылары биыл да сан соғып қалды. Өйткені, бұл жолы ақтық ойынға дәл осы екі неміс командасының шығатынын көпшілік күтпеген еді. Ендеше, бүгінгі кездесу жайындағы жанкүйерлер пікірін білсек...

бапкерлер

Берік уали

 Берік УӘЛИ, "Бавария" жанкүйері: Бүгінгі чемпиондар Лигасының финалы тарихқа енді десек болады. Өйткені бұрын- соңды Германиядан қос бірдей команда финалға жетпеген еді. Жалпы Германия футболының дамуының айқын дәлелі. Оның үстіне жанкүйерлерді ең көп жинайтын стадиондар қазір Германияда. Бүкіл футбол сарапшылары, жанкүйерлер фаворит ретінде Баварияны атап жатыр. Оған мен толық келісемін. Бірақ финалдық ойындарда дортмундтық «Боруссияның» мықты ойнайтынын естен шығармауымыз керек. Чемпиондар Лигасын ішкі біріншілікпен салыстыруға мүлдем келмейді. Оның үстіне бундеслигада екі жыл қатарынан Германия чемпионы болуы кездейсоқтыққа жатқызбаймын. Рибери, Мюллер, Роббендер үшін бүйрегім бұратыны рас. Өйткені «Бавария» төрт жылдың ішінде үш рет финалға шығып отыр. Ал «Боруссиядан» Левандовски, Гетцелерге тәнтімін. Менің ойымша бұл ойында қосымша уақыт, тіпті пенальти болады деп болжам жасаймын. Рибери, Мюллер және Левандовскилар гол салады меніңше. Негізгі есеп 1:1.

жалынЖалын ҒАЛЫМ, әнші-сазгер, футбол жанкүйері: Ойынның тартысты болары сөзсiз. Қос команда да оз жоспарларын накты iске асырып келген ұжымдар. Екеуі де бiр-бiрiне гол жiбередi. Бiрақ "Боруссия" қанша шабуылдаушы команда болса да, дәл бүгiн осал тұстары ашылуы мүмкiн. Бавария чемпион! Менiң ғана пiкiрiм.

Голдарды Левандовски, Гомес салулары мүмкiн.

ерболЕрбол ТҰРЫМБЕТ, "БАВАРИЯ"  жанкүйері: Бүгінгі екі команданың кездесуіне нақты байлам жасау сәл де болса, ойлануды қажет етеді. Немістердің, ең алдымен, нәтиже жасай білетіндігімен ерекшеленетінін ескерсек, екі жақтан да голдың соғылатынына шүбә жоқ. Сонымен бірге, нәтиже голда емес, команданың жеңіске жетуінде десек, бундеслиганың екі алыбының бұл мәселеде де осал еместігі бүкіл Чемпиондар лигасындағы жүріп өткен жолынан белгілі болды. Оның үстіне, қос тарап та бір-бірінің сырына әбден қанық. Ендеше, көңіліміз қанағаттанатындай ақтық ойын боларына сене берейік. Алайда, тәжірибенің аты тәжірибе. Оған қоса, қазір «Барселонаны» басып-жаншыған «Баварияның» қарқыны өте күшті. Ойын жүйесі классиканың жоғары деңгейіне жеткен әлемдегі бірден-бір команда. Бұндай қасиеттер жағынан Дортмундтық клубтың әлі де шикіліктері бар екені Малагамен ойында анық байқалды. Әйтсе де, негізгі уақытта тең түсуге шамалары жетеді. Бірақ, кездесу пенальти серияларына дейін созылмас. Ендеше, биылғы чемпион – «Бавария»! Есеп – 1:1, немесе 2:1 болуы мүмкін.

1331580849542

 Еркебұлан БАЙБАЛЛАЕВ, "Ювенус" жанкүфері: Бүгінгі емпиондар Лигасының финалы екі неміс командасы ойнайтынына жартылай финалдар ойналып болғанша сенбеген едім. Доп домалақ демекші финалда ағалы-інілі неміс командалары "бавария" мен "Боруссия" ойнайды. Финал неміс футболына тән тартысты өтетініне сенімдімін. Және бұл финалдағы менің фаворитім "Бавария". "Бавария" дортмундтық командаға қарағанда жолы үлкен команда. Бұл ойында қақпашылардың рөлі үлкен болмақ. Левандовски, Мюллер, Гетцелер гол салуы мүмкін. Есепте келетін болсақ, "Баарияның" пайдасына 3:1. Бұл менің болжамым.

IMG_0061Елдос САПАРҒАЛИ, спорт журналисі, "Ливерпуль" фанаты: Бұл финалға болжам айту қиын. Десе де бұл финалдық жұпта мюнхендік "Бавария" фаорит екені анық. Биылғы бундеслигада чемпиондықты ерте тойлаған Юп Хайнкес шәкірттері көрнекті ойын өрнегін көрсетуде. Қос команда арасындағы матчтар қашан да жанкүйерлер назарынан тыс қалмаған. Командасын нақты бір матчқа жоғары деңгейде дайындай білетін "Боруссия" бапкері Юрген Клопп финалда көрегенділік танытатынына сенемін. Сондықтан қорытынды есеп дортмундықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталады деп ойлаймын.

марат оралғазинМарат ОРАЛҒАЗИН, шоумен: Менің ойымша бүгінгі ойында дортмундық "Боруссия" жеңіске жетеді деп ойлаймын. Өз басым неміс командаларының жанкүйері емеспін. Бірақ "Баварияға" қарағанда Юрген Клопп шәкірттерінің ойын өрнегі ұнайды. Қорытынды есеп 3:1 "Боруссия" жеңіске жетеді.

руслан!!!Руслан БАҚЫТЖАН, "Челси" жанкүйері: Әлем жұртшылығы телміріп күтіп отырған чемпиондар Лигасының финалдық ойыны бұрыңғы жылдардағы ақтық ойындарға қарағанда ерекше болғалы тұр. Оның үстіне басқа гранд-клубтармен салыстырғанда қос команданың жанкүйерлері әлем бойынша көп емес. Сол себептен де қаншама жерден неміс командалары ойнаса да, "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед", немесе "Реал" мен "Челси" арасындағы ойындардағыдай тартысты ойын болмауы мүмкін. Дегенмен де Англия астанасы Лондонда болатын бүгінгі ойын екі команда үшін де өте маңызды. Мамандардың пікірінше "Бавария" жеңіске жету керек. Алайда дортмундтық "Боруссия" ойыншылары талай рет футбол мамандарының аузына қақпақ қойған болатын. Сол себептен Юрген Клопп баптайтын "Боруссия" әбден жеңіске жетуі мүмкін. Қорытынды есеп 1:1. Пенальти нәтижесі бойынша Левндовскидің командасы жеңіске жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×