«Бавария» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы

24.08.2020, 07:59
Матчтың тағдырын бір ғана гол шешіп кетті.
«Бавария» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы

Чемпиондар лигасының финалдық ойынында «Бавария» «Пари Сен-Жерменді» 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Кездесу Лиссабонда "Да-Луш" стадионында өтті. Матчты Даниеле Орсато бастаған италиялық төрешілер тобы жүргізді.

Жалғыз гол екінші таймда соғылды - 59-минутта Йозуа Киммихтің керемет пасынан кейін Кингсли Коман допты басымен қақпаға тоғытты.

«Бавария» өз тарихында алтыншы рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алып, «Ливерпульмен» теңесті. Неміс және ағылшын клубтары турнир тарихында 3-ші орынды бөлісіп тұр. Алғашқы орындарда "Милан" (7) мен "Реал Мадрид" (13) келе жатыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×