Зайнутдинов ЦСКА-ға ауыса ма?

24.08.2020, 16:26
Кеше Зайнутдиновтың командасы «Уфаны» 1:0 есебімен жеңген еді.
Зайнутдинов ЦСКА-ға ауыса ма?

– Бахтиер, бүгінгі ойын күреске толы болды. Матчты қалай бағалайсыз?

– Бүгін қиын ойын болды. «Уфаның» қалай ойнайтынын бәріміз білеміз, жақсы қорғанады. Бірінші таймда біз үшін қорғаныстан өту қиынға соқты. Екінші таймда мүмкіндіктер болды, гол соққанымызға қуаныштымыз.

– «Уфа» «Ростов» үшін стилистикалық тұрғыдан ыңғайсыз қарсылас па, әлде «Уфамен» ойнау әрдайым қиынға соғады ма?

– «Уфа» барлық РПЛ командаларына жақсы қарсыласа біледі. Оларды ашу өте қиын.

– Қазір сізді ЦСКА-ға ауысады деген ақпараттар бар. Бұл туралы не айта аласыз?

– Бұл менің емес, агенттік пен менеджменттің шаруасы, солар шешеді. Мен «Ростовта» жүргеніме бақыттымын және бүгінгі жеңісімізге өте қатты қуаныштымын. Менің жұмысым – қолымнан не келетінін дәлелдеу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×