"Бавария" Ди Мария жайлы "МЮ"-мен байланысқа түсті
29.05.2015, 01:03
Мюнхендіктер аргентиналық футболшыны команда сапына қосуды көздеп отыр.
"Бавария" "Манчестер Юнайтед" пен Аргентина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Марияны Германияға шақырмақшы. Kicker басылымының жазуынша немістер Манчестер басшылығымен байланысқа түсіп, жақын арада орын алып қалуы мүмкін трансферді талқылауда. "Бавария", басында "Вольфсбург" футболшысы Де Брюйнені шақыруға тырысқанымен, клуб басшылығы бельгиялық вингерді сатпайтынын мәлімдеген.
Былтыр "Реал Мадрид" сапында әлемнің үздік футболшыларының біріне айналған Ди Мария биыл ағылшындық жанкүйерлер көңілінен шыға алмады. Бірнеше күн бұрын футболшы Манчестердан кететін айтқан еді.