Маскерано: "Месси болғым келмейді"

29.05.2015, 01:29
Маскерано: "Месси болғым келмейді"
Хавьер Маскерано ұлттық құрамадағы және Барселонадағы әріптесі жайлы "Блаугрананың" қорғаушысы Маскерано "Canal+" телеарнасына берген сұхбатында, Мессидің атақ-даңқына, әлем футболындағы орнына қызықпайтынын атап өтті. Аргентина ұлттық құрамасының футболшысының айтуынша, Лионельдің алаңда күнделікті өзінің үздік екенін дәлелдеуіне тура келетініне қарап, аяныш сезімнің туатынын да жасырмады. "Өзімнің өмірімді Мессидікі секілді елестете алмаймын. Апта сайын мойнына осыншама жауапкершілікті арқалап шығу ерекше тұлғаның ғана қолынан келеді. Әлем футболының үздігі екенінді күнделікті дәлелдеп отырудан асқан қиындық бар ма?!"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×