«Бавария» - Германия Кубогының жеңімпазы

05.07.2020, 07:28
Ханси Флик өзінің алғашқы жылында-ақ требл жасағысы келеді.
«Бавария» - Германия Кубогының жеңімпазы

Германия кубогының финалында Мюнхендік "Бавария" Леверкузендік "Байерді" жеңді. Кездесу Берлиндегі «Олимпийский» стадионында өтті және 4:2 есебімен "Баварияның" пайдасына аяқталды.

«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски екі гол соқты. Давид Алаба мен Серж Гнабри бір голдан соқты. "Байер" сапында Свен Бендер мен Кай Хаверц (пенальтиден) гол соғып, көзге түсті. Бір қызығы, бұл матчта Мануэль Нойер Левандовскиге голдық пас берді.

"Бавария" 20-шы рет Германия кубогын жеңіп алды. Ал Мюнхендік команда турнирді қатарынан екінші рет жеңіп алды.

Леверкузендік "Байер" кубокты бір рет қана жеңіп алған - 1993 жылы. Және бұдан бөлек команда Германия кубогының 3 мәрте финалында жеңілген (2002, 2009, 2020)

Еске салайық, турнирдің жартылай финалында «Бавария» "Айнтрахтты" 2-1 есебімен жеңді. Ал «Байер» өз кезегінде "Саарбрюкенді" 3:0 есебімен жеңген болатын.

Осылайша Ханси Флик шәкірттері требл жасауға жақындады. Бундеслига мен Германия Кубогын жеңіп алған "Баварияға" тек Чемпиондар Лигасының кубогы жетіспей тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×