Буффон рекорд жасады

05.07.2020, 04:00
Аты аңызға айналған қақпашы ешкім бұза алмайтындай рекорд жасап кеткісі келетін секілді
Буффон рекорд жасады

Туриндік «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффон А сериясында ойнаған матчтардың саны бойынша «Миланның» бұрынғы қорғаушысы Паоло Малдиниді басып озды, деп хабарлайды "Opta".

42 жастағы қақпашы Италия чемпионатының 30-турының «Ториномен» болған кездесуде бастапқы құрамда шықты. Бұл Буффонның А Сериясындағы 648-ші матчы. Ал Мальдини Италия біріншілігінде 647 матч өткізген.

Буффон 2001 жылы жазда «Пармадан» кетіп, «Ювентус» ойыншысы болды. Трансфер құны 52,88 миллион еуроны құрады. 2018 жылдың жазында қақпашы "ПСЖ-ға" еркін агент ретінде ауысқан болатын, бірақ бір жылдан кейін «Ювентусқа» қайта оралды.

Осы маусымда 42 жастағы Буффон Италия чемпионатында жеті матч өткізіп, жеті гол жіберіп алды. Паоло Мальдини «Милан» сапында 1984-2009 жылдары ойнаған. А сериясында қорғаушы 647 матч өткізіп, 30 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×