Болжам. «Валенсия» мен «Милан» жеңілмейді

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
05.07.2020, 02:05
Бүгін түнде біршама қызықты ойындар бар.
Болжам. «Валенсия» мен «Милан» жеңілмейді

"Гранада" - "Вапенсия"

Өткен жолы мен "Валенсия" бас бапкерге қарсы шықты деген тақырыппен болжам беріп едім. Иә, расымен де аяқдопшылар қарсы шығып, ойнамай қойды. Үш матч қатарынан жеңілді. Қытайдан келген басшылық бас бапкер Альберт Селадесті қызметінен босатты. Оның орнын 56 жастағы асистент Воро Гонсалес баса тұрады. Шамасы сол кісі осы маусымды аяқтап беретін шығар. Сондықтан да бүгін "Валенсия" ұйқысынан ұқайта оянып, тегін ұпай таратуын тоқтатады. "Валенсия" осы матчты жеңеді деген ой келіп отыр, маған. 2,79 коэф екен. Оның үстіне командалар 9 және 10 орындарда тұр. Негізі "Валенсия" бұрнағы қалпынан таймағанда 5 орында тұратын еді. Сондықтан, "Валенсия" гол салады 1,38, Тоталы 1 көп 1,87 деген тамаша болжам айтқым келеді.

"Лацио" - "Милан"

"Лацио" 4 ойын қатарынан жеңді. Голдарды да аямай соқты. "Аталантаға" жеңілгелі бері жақсы ойнап жүр. 2-1 деген есепті жақсы көреді. Бірақ, бүгінгі матчта Чиро Иммобиле мен Фелипе Кайседо алаңға шыға алмайды. Екеуі өткен ойында "Торино" ойыншыларына қарсы ойын тәртібін бұзып сары қағаздан алды. Екеуі де бірдей алғанын қарасаңызшы. Сонда бүгін "Лацио" шабуылшысыз қалай ойнайды? Доннаруманың қақпасына гол салу қиындай түсті деген сөз. Сондықтан да бұл матчтың тоталы 3,5 кем 1,35 және 3 кем 1, кэф. Тіпті, 2х алуға болады.

"Челси" - "Уотфорд"

"Челси" қазір ашулы. Тазы ашуын тырнадан алады. Өткен жолы Жармоленконың голынан кейін, жеңіліп қалған "ақсүйектер" осы матчты өл-тіпіл жеңуі тиіс. Лэмпард екі матч қатарынан жеңілмесе керек-ті. Бірақ, "Челси" жеңеді деген 1,45 кэф қой, ол маған аз дейтіндер де табылады. Ондай адамдарға мен "Челси" тотал 2 көп дегенді айтар едім.

"Вулверхэмптон" - "Арсенал" ойыны қалай бітетінін мен білмеймін. Шамасы алаң иелері жеңетін секілді. Сіз қалай ойлайсыздар? Осы матчты талқылай отырайық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×