Ривалдо: Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

05.07.2020, 01:03
Атақты бразилиялық ойыншы өте қызық пікір айтты.
Ривалдо: Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

- Месси "Барселонадан" кетемін деді. Демек, команданың ішінде бірдеңе дұрыс емес қой. Шамасы ол команданың ішіндегі әңгімелерден әбден шаршаған сыңайлы. Оның келісімі аяқталған тұста Аргентина ойыншысына 34 жас толады. Гуардиоламен қайтадан әріптес болуға аса қатты құлқы жоқ секілді. Дегенімен ол Англияға барып та өзін мойындатар еді. Алайда "Ювентуске" ауысып, Роналдумен бірге бір командада ойнауы да ғажап емес. "Ювентус" Месси үшін кез-келген соманы төлеуге дайын. Өйткені, алпауыт демеушілер осыны қалайды. Роналду мен Месси бір клубта ойнаса онда бұл футбол тарихындағы ірі бум болар еді. Соңғы жылдардың үздіктері, футбол тарихына өз аттарын осылай да жаза алады. Екеуі біріксе ғаламат ойын көрсетер еді, - деп айтыпты Ривалдо ЕSPN арнасына берген сұқбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×